Германия індеттің жаңа толқынына дайындалып жатыр

Германия індеттің жаңа толқынына дайындалып жатыр

Германия Денсаулық сақтау министрі коронавирустың жаңа толқынына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын вирус жұқтырып жатқандар 100 мыңнан асады. Бірақ дәрігерлер науқастар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп отыр. Германия әлемде дертке шалдыққандар саны бойынша бесінші орында тұр. Пандемия басталғалы COVID-19-ды 28 млн адам жұқтырған. Қазір Германияда барлық шектеулер алынып тасталған. Сарапшылар індет тараған кезде қолданылған карантин қаншалықты тиімді болғанын зерттеп жатыр. Қорытындысы бойынша індетпен күрестің жаңа тәртібі дайындалады. Себебі билік алдағы күз бен қыс айларында жағдай ушығады деп отыр. Сондықтан жаппай вакциналау науқанын жүргізуді көздейді. Әзірге мамандар адам көп шоғырланған жерде бетперде тағып, ауру нышандары байқалса тест тапсыруға кеңес береді.

- Меніңше, корнавирустың келесі толқыны күзде басталады. Оған дайынмын. Осы уақытқа дейін 3 вакцина салдырдым. Егер қажет болса, тағы бір екпе алуға дайынмын. Бетперде тағып жүру мен үшін еш қиын емес. Мұғалім болғандықтан жауапкершілік жоғары екенін түсінемін. Сондықтан барлық талаптарды сақтауға тырысамын.

- Індеттің жаңа толқыны қыста болады деп ойлаймын. Бірақ биыл үш рет екпе салдырғам. Шектеулер мені еш алаңдатпайды. Енгізілсе барлық ережелерді сақтауға әзірмін.