Испанияда құрылыс секторындағы жұмыссыздар саны 227 мыңға жетті

Испанияда құрылыс секторындағы жұмыссыздар саны 227 мыңға жетті

Испанияның әлеуметтік экономика және еңбек министрлігінің мәліметінше, маусым айында құрылыс секторындағы жұмыссыздар саны 227 мың адам болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кейінгі 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш,- дейді статистика агенттігі. Құрылыстағы жұмыссыздық әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде қатты дағдарысқа ұшыраған еді. 

Тамара, құрылыс нарығының маманы:

- Екі жыл бұрын құрылыс саласы тым-тырыс күй кешті. Қазір осы саладағы еңбек нарығы қайта жанданды. Қарапайым қара жұмысшыдан бастап, құрылыс секторының барлық саласындағы мамандарға сұраныс жоғары.

Дегенмен, жиырма жыл болмаған Испаниядағы аптап ыстық құрылыс оның ішінде жол-жөндеу жұмыстарының жұмысына ауыр соққы болып тұр. Севилья және елдің оңтүстігіндегі басқа бірнеше қалада термометр қырық градустан асып кетті. Аптаптан Испаниядағы жол жөндеу жұмысының төрт қызметкері асфальт төсеу кезінде ыстық өтіп, қайтыс болды.

Лусия, жол жөндеу жұмысының бас маманы:

- Күннің ыстығына қарамай, ары қарай жұмысты жалғастыра береміз. Осы қарқынмен желтоқсан айына дейін жұмыс істеу жоспарда бар. Екі жыл бойы жұмыссыз отырдық, енді тартынатын уақыт емес

Испаниядағы құрылыс саласына көбінесе Алжир, Марокко секілді елдердің келімсектері мен мигранттары тартылады. Олардың жалақысы айына мың жарымнан екі мың евроға дейін жетеді, оның ішінде медициналық сақтандыру сияқты толық әлеуметтік пакет қарастырылған. Испандық кәсіпорындардың ешқайсысы заңсыз жұмысшыны жалдауға тәуекел етпейді. Өйткені айыппұл көлемі қомақты. Бүгінде бұл сома 15 000 еуроны құрайды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач