Чили халқының азық-түлік алуға шамасы жетпей жатыр

Чили халқының азық-түлік алуға шамасы жетпей жатыр

Оңтүстік америкада орналасқан Чилидегі инфляция жергілікті тұрғындардың қалтасын жұқартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта азық-түлік пен жанармай бағасы күрт өсіп кеткен. Халық шығынды мейлінше қысқартуға тырысқанмен, азық-түлік алуға шама жетпей жатыр деп шағымданады.

– Шығынды қалай қысқартамыз деген сұрақ бас ауруымызға айналды. Егер бұрын азық-түлікті бірнеше келіден бір-ақ алсақ, енді сол бағаға 2 есе кем тамақ аламыз. Күнкөріс қиындап кетті.

– Доллар қымбаттап кетті. Халықта ақша жоқ. Бұл проблема бізде ғана емес күллі әлем зардап шегуде.

Аймақтағы инфляция 11,5 процент деңгейінде. Жалпы Чили Латын Америка елдерінің ішінде экономикасы ең тұрақты ел болатын. Алайда Украинадағы қарулы-қақтығыс басталғалы аймақта қымбатшылық белең алды. Сарапшылар көрсеткіш 13 процентке дейін жетуі мүмкін деп топшылайды.