Түркияда Құрбан айт кезінде қауіпсіздік күшейтілді

Түркияда Құрбан айт кезінде қауіпсіздік күшейтілді

Ізгілік бастауы болған Құрбан айт мейрамы Түркияда да тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл ел билігі діни мерекеде 9 күндік демалыс жариялады. Айт күндері елдің бірқатар жолдары мен қоғамдық көліктері ақысыз қызмет көрсетеді. Осыған байланысты Анадолыда қауіпсіздік күшейіп, қоғамдық тәртіпті 210 мыңнан астам полицей бақылайды. Түркияда биыл құрбандық малдың бағасы екі есе қымбат. Ұсақ мал бағасы теңгеге шаққанда 70 мыңнан басталып, 160 мыңға дейін барады. Ал ірі қараның ең қымбаты 1 жарым млн-нан асып жығылады. Түркияда жыл сайын шамамен 3,5 миллион құрбандық мал шалынады.