Еуропада маймыл шешегіне қарсы вакциналау басталады

Еуропада маймыл шешегіне қарсы вакциналау басталады
EADaily

Еуропаның 4 елі маймыл шешегіне қарсы вакциналау науқанына дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Испания, Германия, Бельгия мен Португалия. Мұнда қажетті екпе жеткізілген. Вакциналау ерікті түрде жүргізіледі.

Айта кеткен жөн, маймыл шешегі бұған дейін негізінен Африка елдерінде ғана тіркелген еді. Алайда мамырдан бері ол өзге құрлықарда да тез тарап барады. Әсіресе Еуропада ауру жұқтырғандар көп. Кәрі Құрлықта алғашқы үштікке Ұлыбритания, Испания мен Германия кіреді. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде расталған деректер саны 6 мыңнан асады.