Шри-Ланка президенті отставкаға кетеді

Шри-Ланка президенті отставкаға кетеді

Бұл туралы парламент спикері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше елде жаппай ереуіл өткен еді. Көшеге шыққан халық президент резиденциясына басып кірді. Премьер-министрдің Коломбодағы үйін өртеп жіберді. Ашуға булыққан жұртты тарату үшін полицейлер көз жасаурататын газ қолданды. 39 адам зардап шеккен. Шри-Ланкада экономикалық дағдарыс болып жатыр. Елде жанармай тапшы. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік жетіспейді. Өткен айда инфляция 50 процентті құрады.