Аргентинада үкіметке қарсы наразылық акциясы өтті

Аргентинада үкіметке қарсы наразылық акциясы өтті

Буэнос-Айресте саяси партия, кәсіподақ пен қоғамдық ұйым мүшелері наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет ғимараты алдына жиналған мыңдаған адам елді жайлаған қымбатшылыққа қарсылық білдірді. Қазір Аргентина экономикасы қиын кезеңді бастап өткеріп жатыр. Инфляция деңгейі 30 процент. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш жақын арада 70 процентке жетуі мүмкін. Елдің Халықаралық валюта қоры алдындағы берешегі 45 миллиард долларды құрайды.