Түркияда коронавирус қайтадан өршіді

Түркияда коронавирус қайтадан өршіді

Түркияда коронавирус қайта қарқын алды.

Бір аптада вирус жұқтыру деректері 5 есе артқан. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі халыққа үндеу жасап, 50-ден асқан кісілерді вакцина алуға шақырды. Жалпы коронавирустың қайта өршуі кейінгі күндері бүкіл әлем бойынша байқалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша науқастардың артуына омикронның BA.4 және BA.5 деп аталатын түрлері түрткі.