Түркияда астық жөнінде төртжақты келіссөз жүргізіледі

Түркияда астық жөнінде төртжақты келіссөз жүргізіледі

Бүгін Ыстамбұлда Украина порттарынан астықты қауіпсіз экспорттау бойынша төртжақты келіссөздер өтеді. Бұл туралы Түркияның Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Украина, Түркия, Ресей және БҰҰ делегациялары қатысады. Келіссөздерде Украина порттарынан теңіз арқылы халықаралық нарыққа астық экспорттау мәселесі талқыланады. Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, үш ел арасында астық экспортын үйлестіруге бағытталған сенім телефоны құрылған. Оған осы мемлекеттердің армия басшылары жауапты. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина астығын экспорттау туралы келісімге 10 күн ішінде қол жеткізуге болатынын айтқан еді. Ал Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мұндай болжамдармен келіспейді. Оның айтуынша, блокада арқылы Ресей Украинаны қыспаққа алып отыр. Сондықтан ол бұл келіссөздерге күмәнмен қарайды.