Маймыл шешегі: ДДСҰ төтенше жиын өткізбек

Маймыл шешегі: ДДСҰ төтенше жиын өткізбек

Әлемде маймыл шешегінің белең алуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Төтенше жағдай комитетінің отырысын қайта өткізуды ұйғарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, онда ауру жайылып бара жатқан елдер үшін дертті алдын алуға қатысты тиісті медициналық ұсыныстар айтылады. Соңғы рет төтенше жағдай комитеті маусымның 23-і жиналған еді.

Айта кетейік, бүгінде жаһанның 63 елінде маймыл шешегін жұқтырған 9200 науқас тіркелді. Таяуда қауіпті дертті жұқтырған алғашқы науқас Ресейде де анықталды.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Маймыл шешегін жұқтырғандардың саны 9200-ге жетті. Аурудың таралуы ушығып барады. Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Төтенше жағдай комитетінің отырысын келесі аптада өткізеді. Шарада дертпен күрес бойынша тиімді шаралар мен кеңестер ұсынылады.