Трамптың экс-кеңесшісі елдерде төңкерісті дайындасуға қатысқан – CNN

АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы Елшісі әрі Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі экс-кеңесшісі Джон Болтон өзге елдерде мемлекеттік төңкерісті жоспарлауға қатысқан.

Бұл туралы Си-Эн-Эн арнасына берген сұхбатында Болтонның өзі айтып қалды. Сұхбат Капитолийге шабуыл жасауға үндеген Дональд Трамптың әрекеті төңірегінде өрбіген еді. Атап айтқанда, Трамптың мемлекеттік төңкерісті алдын ала ұйымдастыру мүмкіндігі сөз болған. Осы кезде Джон Болтон шет елдерде төңкерісті жоспарлауға қатысқан маман ретінде Трамптың ондайға шамасы келмейтінін дәлелдегісі келді. Іле-шала Болтонның қай елдерді меңзегені жөніндегі сауалға экс-кеңесші жауап бермейтінін аңғартты.

– You said your expertise having planned d'état coup ? – Әлгінде ғана мемлекеттік төңкерісті жоспарлаудың сарапшысымын деп қалдыңыз.

– I’m not getting into specifics – Мен ол туралы егжей-тегжейлі айтпаспын.

– Successful coups? - Төңкерістер сәтті болды ма?

Джон Болтон, Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі экс-кеңесшісі:

- Мен Венесуэла туралы өз кітабымда жазып кеткенмін. Ол жоспар сәтсіз аяқталды. Оған әрине біз ғана кінәлі емеспіз. Бірақ оның соңы немен аяқталғанын көрдік ғой. Заңсыз сайланған Президентті оппозиция биліктен кетіргісі келді, алайда қолынан келмеді. Бұл ретте Дональд Трамптың біліктілігі Венесуэла оппозициясынікінен де төмен болғаны күлкілі.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 6 қаңтарында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп сайлаудың әділ өтпегенін айтып, жақтастарын Капитолийді шабуылдауға үндеген еді. Қазір бұл іске қатысты  тергеу жүріп жатыр. Ақ Үйдің бұрынғы әкімшілігінің өкілдері сол күні оқиға қалай өрбігені жайлы сотта түсініктеме беріп жатыр.