Оңтүстік Кореяда вонның құнсыздануы тежеле ме?

Оңтүстік Кореяда вонның құнсыздануы тежеле ме?

Инфляцияны тежеу мақсатында Оңтүстік Корея проценттік мөлшерлемесін көтерді. Корея банкі базалық мөлшерлемені 1,75-тен 2,25 процентке, яғни 50 пунктке өсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

1999 жылы енгізілген саяси жүйе тарихындағы бұл ең жоғарғы өсім саналады. Ұлттық банк осылайша вонның құнсыздануын тежемекші. Биыл Оңтүстік Кореяның валютасы АҚШ долларына қарағанда 9,4 процентке құлдырап, дамушы нарықтардағы ең төменгі көрсеткішке ие болды. Украинадағы қақтығыстар бір жағынан энергия құнының шарықтауына әкеліп соқтырғаны мәлім. Отын ресурсы тапшы мемлекет үшін бұл жығылған үстіне жұдырық болып тиді.

Айта кетейік, бұл елдегі инфляция соңғы 24 жылда көз ілеспес жылдамдықпен өскен еді.