Германияда инфляция шарықтап барады

Германияда инфляция шарықтап барады

Ел әлеуметтік дағдарыс алдында тұр. Бұған Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Федералды статистика бюросы келтірген дерекке сүйенсек, маусымда жылдық инфляция 7,6 пайызға жеткен. Қазір елде азық-түлік пен электр қуатының бағасы  аспандап тұр. Бұл тұтынушылардың қалтасын қағып, халық тапқан-таянғанын келесі айлыққа жеткізе алмай жатыр. Осыған байланысты үкімет табысы төмен жұмысшыларға көмек көрсетіп, жағдайдың алдын алу үшін шұғыл шешім қабылдауы керек, дейді сарапшылар.