Римде таксистер жаппай шеруге шықты

Римде таксистер жаппай шеруге шықты

Жүздеген жүргізуші қаладағы басты көшелердің бірімен жүріп өтіп, премьер-министр резиденциясы алдына жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты полицейлер жолдарды жауып, автобус бағыттарын өзгертуге мәжбүр болды. Жалпы, таксистердің наразылық акциясына ел үкіметінің жолаушылар тасымалы саласындағы бәсекелестікті дамыту туралы заңжобасы түрткі болды.

Дәлірек айтқанда, аталған сектор қызметкерлері қоғамдық көлік саласына трансұлттық компаниялардың кіруіне қарсы. Өйткені бұдан пайда жоқ, керісінше, нарықтағы шағын компаниялардың жабылуына әкеледі, дейді олар.