Венгрия энергетика саласында төтенше жағдай режимін жариялады

Венгрия энергетика саласында төтенше жағдай режимін жариялады

Оған сәйкес тамыз айынан бастап энергия тасымалдаушылардың экспортына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт қымбаттап кетті. Бұған Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс пен Батыс елдерінің Мәскеуге салған санкцияларының салқыны әсер етті. Сонымен қатар жергілікті билік аймақтағы  қоймаларды толтыру үшін қосымша табиғи газ сатып алуға ниетті.

Гергей Гуляс, Венгрия премьер-министрі кеңсесінің басшысы: 

- Біз ысырапшылдыққа жол бере алмаймыз. Энергия көзін ұтымды әрі үнемді пайдалану үшін барлық баламалы тәсілдерді қарастыруымыз керек. Құрған жоспарымыз 7 тармақтан тұрады. Бірінші кезекте біз газ өндірісін 1,5 млрд текше метрден 2 млрд текше метрге дейін арттырамыз.