Байден: Иранның ядролық қару жасауына жол бермейміз

Байден: Иранның ядролық қару жасауына жол бермейміз

АҚШ Иранның ядролық қаруды иленуіне жол бермейді. Егер қажет болса Тегеранның мұндай әрекетін тоқтату үшін күш қолдануға дейін барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәлімдемені АҚШ Президенті Джо Байден Израиль телеарнасының біріне берген сұхбатында жасады. Ал Иран әрдайым өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа бағытталғанын айтумен келеді. Бірақ Вашингтон бұған күдікпен қарайды. 2015 жылы АҚШ бастаған 6 мемлекет Тегеранмен бейбіт атом келісіміне қол қойған. Алайда Трамп билікке келген соң бұл құжаттан бас тартып, Тегеран да оның шарттарын орындауды тоқтатқан еді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Иранның ядролық қаруға ие болуы қауіпті. Сондықтан бұл елдің ядролық келісімге қайта оралғаны дұрыс болар еді. Алдыңғы президенттің бұл келісімнен бас тартуы үлкен қателік болды. Соның кесірінен Тегеран қазір ядролық қару жасауға жақын қалды.