АҚШ-та баға шарықтап барады

АҚШ-та баға шарықтап барады

Өткен айда инфляция деңгейі 9 пайызға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Құрама Штаттарда соңғы 40 жылда болмаған жағдай. Соңғы рет мұндай үрдіс 1981 жылы тіркелген.

Федералдық Еңбек статистикасы бюросының мәліметіне қарағанда жанармай құны соңғы бір жылда 59 пайызға көтерілген. Сарапшылар енді үкімет несие-ақша саясатын қатаңдатып, пайыздық мөлшерлеме көлемін күрт көтеруі мүмкін деп отыр.