Италияда аптап ыстықтан өзен тартылып барады

Италияда аптап ыстықтан өзен тартылып барады

Италиядағы ең ірі По өзені тартылып, аптаптан әбден саязданып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 айдан бері жауын-шашын түспеген. Бұл шаруаларды да қиын жағдайда қалдырды. Себебі егістікке су жетіспей жатыр. Синоптиктердің сөзінше, ыстықтың зардабын тартып отырған халыққа әлі де сабыр сақтауға тура келеді. Өйткені алдағы аптада күн бұдан да қатты ысиды деген болжам бар.