Францияда мыңнан астам адам эвакуацияланды

Францияда мыңнан астам адам эвакуацияланды

Францияда орман өртінің салдарынан 1500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау елдің оңтүстік-шығысын шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде жанып кеткен жер аумағы 10,5 мың гектар шамасында. Қазір 1200 өрт сөндіруші апат аймағында жүр. Жұма күнгі жағдай бойынша қызыл жалын 3700 гектар аумағын шарпыған еді.

Айта кетейік, қуаңшылық пен аптап ыстықтың салдарынан өртке тоқтау салу қиынға соқты. Соңғы аптада Франция, Португалия мен Испанияда сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр.