АҚШ-та тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

АҚШ-та тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында тікұшақ апатқа ұшырады.

Бортта болған барлық 4 адам көз жұмды. Марқұмдар құтқару қызметінің мамандары еді.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олар орман өртін ауыздықтау жұмысына тартылған. Әуе көлігі Берналилло округі шерифінің кеңсесіне тиесілі. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.