АҚШ-та сауда үйінде атыс болып, 3 адам қаза тапты

АҚШ-та сауда үйінде атыс болып, 3 адам қаза тапты

АҚШ-та тағы атыс. Индианаполис қаласының маңында орналасқан сауда орталығының бірінде қаруланған қаскүнем жан-жағына бей-берекет оқ жаудырып, 3 адамды мерт қылған.

Тағы екі тұрғынды жарақаттады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, атыс ашқан жігітті қаруы бар келушілердің бірі атып өлтірген. Әзірге марқұмдардың кім екені жарияланған жоқ. Қаскөйдің бұл қадамға не себепті барғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды.