Ресейде 113 мың компания жабылып қалды

Украинадағы соғысқа байланысты санкциялар салынғалы Ресейде 110 мыңнан аса компания жабылып қалды.

Ал осы уақыттан бері жұмысын бастаған кәсіпорындар саны одан 1,5 есе аз. Наурыздан бері көрші елде 79 мыңға жуық жаңа бизнес ашылған. Қызметін тоқтатқандар қатарында технологиялық компаниялар мен қаржы ұйымдары көп. Украинадағы шиеленіске байланысты Еуроодақ Ресейге қарсы 6 санкциялар пакетін енгізді. Блумберг агенттігі қазір бірлестік жетінші пакетті әзірлеп жатқанын хабарлады.