Ұлыбританияда пойыздардың жүру кестесі өзгерді

Ұлыбританияда пойыздардың жүру кестесі өзгерді

Аптап ыстық Ұлыбританияның теміржол қатынасына кесірін тигізді. Ауа райының қолайсыздығынан елдің Нетворк Рейл компаниясы локомативтер санын шектеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені ауа температурасының ысуы мен жоғары қысымнан пойыздың болат шиыршығы майысып кетуі мүмкін. Бұл теміржолда апатты жағдай тудырады. Бирмингемде термометр бағамы 37 градусқа дейін көтерілген. Қауіптің қызыл деңгейі елдің орталығы, оңтүстік-шығысында жарияланған. Синоптиктер өңірдегі аптап ыстық жуық арада басылмайтынын айтады.