Германияда ғалымдар алма өсірудің тың тәсілін ойлап тапты

Германияда ғалымдар алма өсірудің тың тәсілін ойлап тапты

Энергия бөлетін алма ағашы. Неміс ғалымдары осындай тың экологиялық жобаны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар Гельсдорф зерттеу орталығында арнайы тәжірибе жүргізіп жатыр. Алма бағының үстінен күн батареялары орнатылған. Алынған энергиямен электр-тракторын қуаттайды. Оған қоса, бұл құрылымдар ағаштарды қорғайды. Екі түрлі модуль алма ағашына қажет жарықтың 50 процентін өткізеді. Экологиялық жүйенің қуаттылығы 250 киловаттқа жетеді. Ғалымдардың айтуынша, алманы осылай өсіру үшін көп жер қажет емес. Әрі күн батареясын орнатуға да қосымша аймақтың керегі жоқ.

Кристиан Нахтвей, шаруа:

Бір оқпен екі қоян атуды көздеп отырмыз. Яғни күн энергиясының өндірісі мен өсімдіктерді қорғауды мақсат еттік. Ағаштарды нөсер, бұршақ, қатты жел мен қурап қалудан осылай сақтағымыз келеді. Бағбандар үшін бұл үлкен жұмыс.