Ресей Украинадағы әскери іс-қимыл географиясын өзгертті

Ресей Украинадағы әскери іс-қимыл географиясын өзгертті

Ресейдің Украинадағы әскери іс-қимылдарының «географиялық мақсаты» өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктеріне берген сұхбатында елдің сыртқы істер министрі жария етті. Сергей Лавровтың айтуынша, Кремль қарулы қақтығыс басталғанда өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларына ғана көмектесуді көздеген. Алайда енді бұл өзге өңірлерге де қатысты. Лавров егер батыс елдері Украинаға алысқа ататын қару жеткізетін болса, Ресейдің «географиялық мақсаты» одан әрі кеңеюі мүмкін екенін ескертті.

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

– Қазір география өзгерді. Енді оған өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары ғана емес, Херсон, Запорожье облыстары және басқа да өңірлер кіреді және бұл процесс әлі жалғасып жатыр.