Microsoft бағдарламасы істен шықты

Microsoft бағдарламасы істен шықты

Майкрософт техникалық тобының жұмысы қалыпқа келе бастағанын мәлімдеді.

Даундетектор.ком (Downdetector.com) ресурсының мәліметі бойынша, кеше шығыстың уақытымен шамамен кешкі онда 4800 адам майкрософт тимстің істен шыққанын айтып хабарласқан. Технологиялық компания өзінің твиттер парақшасында «ішкі қойма сервисімен байланыс үзілгендіктен осындай қолайсыздық туындады» деп жазды. 

Еске сала кетсек, былтыр қазанда Мета платформасында осыған ұқсас жайт болған еді. Сол кезде WhatsApp, Instagram мен Messenger істен шығып, адамдар бір-бірімен байланыссыз қалды.