Италия президенті парламентті таратты  

Италия президенті парламентті таратты  

Италия президенті елдің парламентін таратып жіберді. Серджо Маттарелла премьер-министр Марио Драгидің отставкасынан кейін осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, саяси коалиция тарапынан Драгиді қолдау жеткіліксіз болғандықтан осындай қадамға барды. Италияның конституциясына сәйкес жаңа парламентті сайлау алдағы 70 күнде өтеді. Оның нақты белгіленген күні жуырда жарияланбақ. Жалпы 5 жылға сайланатын парламент өкілеттігінің мерзімі келер жылдың наурызында аяқталуға тиіс еді.

Серджо Маттарелла, Италия президенті:

Атап өткім келетіні, экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа төтеп беру үшін қажетті шешім қабылдауда уақыт оздыруға болмайды. Қазір қалыптасқан жағдай бұған мұрша бермей тұр. Әсіресе отын және азық-түлік бағасының өсіміне әкелетін инфляцияны тезірек тежеудің амалын табу керек.