Қытайда 175 адам COVID-19 жұқтырған  

Қытайда 175 адам COVID-19 жұқтырған  

Қытайда 106 адам ел ішінде жүріп коронавирусқа шалдыққан. Тағы 69 адамның вирусты шет елден жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қытай халық Республикасының денсаулық сақтау комитетінен хабарлады. Науқастардың дені Ганьсу мен Гуанси-Чжуанск автономды аудандарының тұрғындары. Жалпы Қытайда науқастардың ұзын саны 300 мыңға жеткен. Ел билігі жаппай тестілеу науқанын жалғастырып жатыр. Бүгінде Қытай халқының 80 проценті вакциналаудан өткен.