«Кәрі құрлық» өртке оранды

«Кәрі құрлық» өртке оранды

Биыл Еуроодақ елдері үшін қиын болып тұр. Ұйымның Дағдарысқа қарсы күрес комиссарының мәлімдеуінше, «кәрі құрлықта» жазда өрт көбейген деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бұған басты себеп - климат өзгерісі,- дейді. Тілсіз жаумен күреске қосымша өрт сөндіретін ұшақтар алу қажет. Қазір Еуропаның оңтүстігінде өрт болып жатыр. Мыңдаған маман қызыл жалынмен күні-түні арпалысуда. Тілсіз жау жүздеген адамның өмірін жалмады.

Жанез Ленарсис, ЕО Дағдарысқа қарсы күрес комиссары:

- Бұл жазда бәріміз үшін ауыр болғалы тұр. Былтыр да оңайға соқпаған болатын. Еуропалық одақ өз қаржысына «Рескю» ұйымынан өрт сөндіретін ұшақтар сатып алуды жоспарлап отыр.