Украинаның астығын экспорттау үшін дәліз ашылады

Ыстамбұлда Қара теңіз арқылы Украинадан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін астық дәлізін құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Рәсімге Түркия, Украина, Ресей және БҰҰ өкілдері қатысты. Келісім бойынша Украина кемелері Қаратеңіз арқылы  астық таси алады. Ресей, тасымал уақытында атысты тоқтатса, Түркия БҰҰ-ның қолдауымен қару- жарақтың болмауын қамтамасыз етеді. Халықаралық құжат 120 күн жарамды болмақ. Тараптар келіскен жағдайда қайта ұзартылады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл келісім «әлемдік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға көмектесетінін» атап өтті.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Бұл әлемге бұрынғыдан да қажет. Түркия Республикасы президенті Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алғысымды білдіремін. Бұл үдерістің әрбір кезеңі сіздің табанды ұстанымыңыздың арқасында болды. Ресей Федерациясы мен Украина өкілдеріне жеке- жеке келіссөзіңіз осындай бастамаға жол ашты. Осы арада бұл кездесулерде барлығына адамзаттың пайдасы үшін маңызды болды. Бұл келісім шын мәнінде бүкіл әлем үшін жасалды. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Кемелерді жөнелтуден бастап оларды қауіпсіз тасымалдауға және межелі портқа жетуге дейінгі барлық үдерістер бойынша консенсусқа қол жеткізілді. Бұл өте маңызды жоспардың орындалуы мен қадағалауын Ыстамбұлда құрылатын бірлескен үйлестіру орталығы жүзеге асырады.