Еуроодақта газға қатысты келіспеушілік туындады

Еуроодақта газға қатысты келіспеушілік туындады

Еуроодаққа мүше 27 елдің 12-сі Еурокомиссияның газды тұтынуды азайту туралы жоспарына қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында Франция, Польша, Испания, Португалия бар.

Айта кеткен жөн, Украинадағы жағдайға  байланысты әлемде энергетикалық дағдарыс ушығып кеткен. Сондықтан Еурокомиссия биыл тамыздан бастап келесі жылдың наурызына дейін көгілдір отынды тұтыну мөлшерін 15 процентке қысқартуды ұсынды. Брюссель үнемдеуге ешкімді мәжбүрлемейтінін айтып отыр. Алайда алдағы уақытта бұл міндетті талап болуы мүмкін деген мәлімет бар.