Солтүстік және Оңтүстік Корея қарым-қатынасы қайтсе нығаяды?

Солтүстік және Оңтүстік Корея қарым-қатынасы қайтсе нығаяды?

Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің тағы бір әрекеті жасалды. Бұл Оңтүстікте 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кореяаралық соғысын тоқтату туралы келісімге қол қойылғанына 69 жыл толуы қарсаңында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми түрде екі ел әлі де соғысуда. Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынас 2018 жылы Пхенчхандағы Олимпиададан кейін қалыпқа келе бастады. Бірақ бір жылдан кейін Ханойдағы АҚШ – Солтүстік Корея саммиті сәтсіз өтіп, екіжақты байланыс үзілді. Биыл Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыранды ұшырды. Жақында Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі солтүстіктен жасалған шабуылдарды тойтару үшін зымыранға қарсы жүйені орналастыратынын хабарлады. Сондай-ақ тамыз-қыркүйек аралығында Оңтүстік Корея мен АҚШ 11 бірлескен әскери жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр.

Ли Тэ Хо, наразылық акциясының қатысушысы:

– Оңтүстік Кореяның жылдық әскери бюджеті Солтүстік Кореяның жалпы ішкі өнімінен 1,5 есе көп. Бұл әрекеттерді жай ғана қорғаныс тәжірибесі деп атауға болмайды. Солтүстік Корея мұны қауіп ретінде қабылдауы мүмкін. Бұған дейін Трамп бұл жаттығуларды қымбат және арандатушылық деп атаған болатын. Күш көрсету емес диалог жүргізу керек.