АҚШ-та бензин бағасы кейінгі екі айдағы ең төмен көрсеткішке түсті

АҚШ-та бензин бағасы кейінгі екі айдағы ең төмен көрсеткішке түсті

Мұны Американың автокөлік қауымдастығы хабарлады.

Мамыр айынан бастап, алғаш рет бір галлонның бағасы төрт жарым доллардан төмендеді. АҚШ-та қолданылатын көлем бірлігі галлон - 3,8 литрге тең. Бұл өткен аймен салыстырғанда 10%-ке арзан. Сарапшылардың пайымынша бұл әлемдік нарықта шикі мұнай бағасы төмендегеннен. Сондықтан бензин өндірушілер бағаны арзандатқан. Сондай-ақ, жазғы демалысқа қарамастан, елде жанармайға деген сұраныс та азайды.