Қытайда кейінгі 20 жылдағы ең жойқын құмды дауыл соқты

Қытайда кейінгі 20 жылдағы ең жойқын құмды дауыл соқты

Күшті жел елдің солтүстік-шығысындағы Цинхай провициясын жайпап өтіп, шығысқа бет алды.

Жел жылдамдығы секундына 15 метрге жетті. 200 метр қашықтықта түк көрінбей кетті. Көлік жүргізушілер сақтанатын жер таппай, машиналарында тығылуға мәжбүр болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, табиғи құбылыс 15 минуттан ұзаққа созылмайтын. Алайда бұл жолы құм дауылы 3 сағатқа жалғасты.