АҚШ-тың Даллас қаласында 20 үй жанып кетті

АҚШ-тың Даллас қаласында 20 үй жанып кетті

АҚШ-тың Даллас қаласының шетінде шабындық өртеніп, 20 үй жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

От шөп шапқыштан тісінен шыққан ұшқыннан тараған. Ыстық күннен жалын тез жайылып, шаһар шетіндегі үйлерге лезде жеткен. Өрт сөндірушілер жалынды сөндірген.

ӨРТ ГЕРМАНИЯНЫҢ ШЕКАРАЛАС АЙМАҒЫНА ТАРАДЫ 

Өткен демалыс күндері Чехияның солтүстігіндегі курортты аймақта отқа оранған орман әлі жанып жатыр. Тілсіз жаумен жүзден астам өрт өндіруші күресіп жатыр. Апат ауданынан 140 адам эвакуацияланған. Ақпарат құралдары жалын шекарадағы көрші Германия аумағына тарай бастағанын айтады.