Жапонияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Жапонияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Жапонияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқас жуырда Еуропадан келген екен. Қазір ол ауруханада жатыр. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тест пен ауруға қарсы дәрі және вакцинаны шұғыл дайындау керек деген бұйрық берді. Дәрігерлердің айтуынша бұрын шешек ауруына қарсы қолданылған екпе әзірге маймыл шешегіне қарсы да пайдаланылады. Бастапқыда тек науқаспен қарым-қатынаста болғандар егілетін болады.

Ёсихико Изозаки, Жапония Министрлер кабинеті басшысының орынбасары:

- Әлемде кең тарап жатқан маймыл шешегі Токиода да анықталды. Осыған орай үкіметтің екінші отырысы өтті. Ауру ушықпауы үшін барлық шараларды қолға алу керек. Тиісті ақпаратты халыққа жеткізге жөн.  Ал, тұрғындар жеке бас гигиенаны сақтап , ауру белгілері байқалса дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінгені абзал.