Ресей ХҒС жобасынан шығады

Ресей ХҒС жобасынан шығады

Ресей 2024 жылдан кейін Халықаралық ғарыш станциясы жобасынан шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл уақытқа таман көрші ел өзінің ұлттық орбиталық станциясын құра бастайды. Ресейліктер серіктестері алдындағы барлық міндеттемелер орындалатынын жеткізді.

Айта кеткен жөн, Халықаралық ғарыш станциясының жер маңайындағы орбитада жұмыс істеп тұрғанына 24 жыл болып қалды. Жобаға 14 ел қатысады. Ресейге ондағы 6 модуль тиесілі. Мемлекет станциядан шығу ойы барын бірнеше жылдан бері айтып келеді. Оған жабдықтың тозуы себеп. Ресейліктер бұған көп ақша шығындалады дейді.