Францияда қуаңшылыққа жоғары дайындық режимі енгізілді

Францияда қуаңшылыққа жоғары дайындық режимі енгізілді

Франция аумағының көбінде қуаңшылыққа жоғары дайындық режимі енгізілді.

Өйткені аптап ыстықтың беті қайтар емес. Қазір көп жерде ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Елде 96 департамент болса, соның 88-інде суды тұтыну бойынша шектеулер енгізілді. Фермерлер оны пайдалану мөлшерін 50 процентке дейін қысқартуы тиіс. Тұрғындар бақша суару, бассейн толтыру және көлік жуу жағынан да тіршілік нәрін үнемдеуге міндетті. Аптап ыстықтан әсіресе елдің батыс өңірлері қатты зиян шеккен. Мұнда қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды. Өйткені орман өрті ырық бермей тұр. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар ыстық ауа райы әлі сақталатынын айтады.