Мексикада 1,5 тонна есірткі тәркіленді

Мексикада 1,5 тонна есірткі тәркіленді

Мексика полициясы ел астанасында бір жарым тонна кокаин тәркіледі.

Бұл тәртіп сақшыларының анықтаған ең ірі есірткі партиясы болды. Құны 20 млн АҚШ долларына бағаланған заңсыз тауар жүк көліктің тіркемесінде жасырынған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Колумбиядан импортталған кокаин Мексиканың оңтүстік жағалауына жеткізілмек болған. Қылмыстық іске қатысы бар деп танылған 4 күдікті қамауға алынды.