Еуроаймақ экономикасын рецессия күтіп тұр

Еуроаймақ экономикасын рецессия күтіп тұр

Құрамына 19 мемлекет кіретін Еуроаймақ экономикасы биыл рецессияға ұшырайды. Голдман Сакс инвестициялық банкінің мамандары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған энергия тасымалдауға қатысты қиындықтар мен пандемиядан кейінгі ахуал себеп. Сарапшылар Италиядағы саяси жағдай да кесірін тигізгенін айтады. Жақында бұл елде премьер-министр отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Қазір Еуропаның көп елін қымбатшылық қысып тұр. Бірнеше мемлекетте инфляция рекордтық көрсеткішке жеткен. Солардың қатарында Германия, Франция, Эстония, Грекия бар.