Германияда Lufthansa қызметкерлері ереуілге шықты

Германияда Lufthansa қызметкерлері ереуілге шықты

Германияда мыңдаған әуе рейс сапарға шыққан жоқ. Бұған Еуропадағы ең ірі әуекомпаниялардың бірі Люфтганза қызметкерлерінің ереуілі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында авиатехниктер, автобус жүргізушілері мен жүк тасымалдаушылары бар мыңдаған адам міндеттерін орындаудан бас тартты. Олар жалақысын 9 жарым процентке көтеруді талап етіп отыр. Осының кесірінен мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алған жоқ. Мұның бәрі саяхат қызып тұрған жазғы демалыс маусымында болып тұр. Франкфурттен Алматыға баруы тиіс әуерейс те жолынан қалды.