Украина астығына қатысты үйлестіру орталығы ашылды

Украина астығына қатысты үйлестіру орталығы ашылды

Ыстамбұлда Украина астығын қауіпсіз тасымалдаумен айналысатын үйлестіру орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Түркияның ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан. Орталықта түрік, Украина және Ресей өкілдерімен қатар БҰҰ-ның дипломаттары да жұмыс істейді.

Айта кеткен жөн, өткен аптада Ыстамбұлда Украина кемежайларында жиналған астықты тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Қолда бар мәлімет бойынша мұнда 20 миллион тоннаға жуық астық экспортталмай тұр. Өйткені Киев пен Мәскеу оны өзге елдерге тасымалдау бойынша келісе алмаған. Ыстамбұлда өткен кездесуге Украина мен Ресей делегацияларынан бөлек Түркия президенті мен БҰҰ-ның бас хатшысы да қатысқан еді.