Италияда өсімдіктерді қорғайтын робот ойлап табылды

Италияда өсімдіктерді қорғайтын робот ойлап табылды

Кейінгі уақытта көп салада роботтардың көмегі тиіп жүр. Олар даяшыны алмастырады. Жүк тасиды. Тамақ әзірлейді. Ал Италияда төртаяқты робот қоршаған ортаны қорғауға көмектесіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өсімдіктердің жағдайын бақылайды. Мәселен, ағаштардың биіктігін өлшей алады. Аппараттың бағытын алдын ала белгілеп қоюға болады. Екі сағат өткеннен кейін батареясын алмастыру үшін ол өзі базаға оралады.