Перуде наразы халық ереуілге шықты

Перуде наразы халық ереуілге шықты

Перу астанасы Лима қаласында жүздеген халық ереуілге шықты. Ашуға бой алдырғандар жергілікті биліктің саясатына көңілдері толмайтынын айтып, Конгресстың жұмысын тоқтату керек деп ұрандатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға елдің түкпір-түкпірінен жиналған кәсіподақтың белсенділері мен қарапайым халық тартылған. Наразылардың айтуынша, ел президенті Педро Кастильоның халық алдындағы беделі түсіп кеткен. Ал оның жақтастары болса, саясаткердің қолын парламенттің өзі байлап отыр дегенді алға тартады. Өйткені парламент Кастильоның сайлаудағы жеңісін мойындамай, бір жылдың ішінде оған екі мәрте импичмент жарияламақ болған. Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары шоқпар мен көз жасаурататын газ қолданды. Жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.