АҚШ-та инфляцияны ауыздықтау мүмкін болмай тұр

АҚШ-та инфляцияны ауыздықтау мүмкін болмай тұр

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі базалық мөлшерлемені 75 пунктіге көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, инфляция сол күйі төмендеген жоқ. Мұндай шешім соңғы рет 1994 жылы қабылданған еді.

Айта кетейік, АҚШ-та тұтыну бағасының жалпы индексі наурыз айынан бері 8 проценттен асып тұр. «Сондықтан инфляцияны ауыздықтау үшін әлі талай күш салу қажет», – дейді сарапшылар. АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің төрағасы мөлшерлемені көтеру еңбек нарығына әсер етіп, экономикалық өсімді тежейтінін мойындап отыр.

Боб М.Макнаб, экономист:

Үй шаруашылығы тауарларын тұтыну деңгейінің төмендегенін байқап отырмыз. Америкалықтар алдағы уақытта ақшаны көбірек үнемдеуге кіріседі. Федералды қор қазір қиын жағдайға қалды. Ол инфляцияны бақылауында ұстауға тиіс. Тұтынушылық сұранысты төмендету үшін ақшаның құнын көтеруі керек. Ал бұл экономикалық өсімді тежейді.