Лос-Анджелесте маска тағу тәртібі енгізілуі мүмкін

Лос-Анджелесте маска тағу тәртібі енгізілуі мүмкін

Лос-Анджелесте маска тағу тәртібі қайта енгізілуі мүмкін. Өйткені қалада бірнеше апта бойы коронавирус жұқтыру деректері артып барады.

Сондықтан осы аптада тұрғындар қайтадан бетперде тағуға міндеттелуі мүмкін. Билік эпидаухал жақсармаса, басқа да шектеулер енгіземіз дейді. Кәсіпкерлер тағы да шаш етектен шығынға бататындарын айтып, шағымданып отыр. 

Дженнифер Фебр, мейрамхана иесі:

- Кейінгі уақытта бағалар қымбаттап барады. Бұл бизнеске салмақ түсіреді. Енді ол аздай, шектеу шаралары енгізілсе, жағдайымыз тіптен қиындауы мүмкін. Өйткені табысымыз азаяды. Менде қызметкер көп. Алайда оларға жалақы төлей алмасам, штатты қысқартуға тура келеді.