Аргентинада әлеуметтік қозғалыс өкілдері мен солшылдар наразылық шеруіне шықты

Аргентинада әлеуметтік қозғалыс өкілдері мен солшылдар наразылық шеруіне шықты

Буэнос-Айрестің бас алаңына мыңдаған адам жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың талабы – мемлекеттік көмек қарастырып, бірыңғай базалық табысты бекіту. Өйткені инфляция өскен тұста жұмысшылардың күнкөрісі тіпті қиындап кетті.

Айта кетейік, 47 млн халқы бар Аргентинада биыл жарты жылда инфляция деңгейі 36,2 проценке жетті. Халықтың 37 проценті кедейшіліктің қамытын киген. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, өсім әрі қарай жалғаса береді.

Сильвия Саравия,  әлеуметтік қозғалысты үйлестіруші: 

- Инфляцияны тоқтатудың амалын қарастыратын біреу керек. Азық-түлік бағасы шарықтап барады, халық азық өндірушілерге осыншалық тәуелді болмауы тиіс. Үкіметтің халыққа деген жаны ашыса екен, экономика министрлігіндегі өзгерістер нәтиже бермеді. Сондықтан бізге қазір басқа амалға көшу керек сияқты.