Германия мен Чехия шекарасында орналасқан саябақта орман өрті өршіп барады

Германия мен Чехия шекарасында орналасқан саябақта орман өрті өршіп барады

Алқаптың біраз бөлігі қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристер үшін танымал саябақтан халық  шұғыл эвакуацияланып жатыр. Тілсіз жаумен Германия және Чехияның жүздеген өрт сөндірушісі арпалысып жатыр. Көрші Польша мен Словакиядан да көмек келді. Өрт өршіп тұрған кей жерлерге жету оңай болмай тұр. Саксония билігі аймаққа туристерді кіргізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар тұрғындарға аймақта отшашу ұйымдастыруға да тыйым салынды.