Мексикада 98 мигрант тіркемеден табылды

Мексикада 98 мигрант тіркемеден табылды

Мексиканың Веракруз өңірінде жүк көлігінің тіркемесінен 98 мигрант табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орта жолда тастап кеткен тіркемеде 400-ге жуық адам болған деген ақпар бар. Тар тіркемеде тынысы тарыла бастаған мигранттар шатырын бұзып, сыртқа секірген көрінеді. Жедел жәрдем өкілдерінің айтуынша, көбі тобығы мен тізесінен жарақат алған. Бір адам ес-түссіз күйінде табылды. Қазір мексикалық сарбаздар тіркеме табылған маңнан жан-жаққа босып кеткен мигранттарды іздеп жатыр.

Айта кетейік, Куба, Гаити сынды елдердің мигранттары Мексика арқылы АҚШ-қа қарай жол тартады.