Түркиядағы жылдық инфляция 60 процентті құрамақ

Түркиядағы жылдық инфляция 60 процентті құрамақ

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Түркиядағы инфляция 60 процентті құрамақ

Елдің Орталық банкінінің болжамы осындай. Бұған дейін қаржыгерлер көрсеткіш 40 проценттен аспайды деп топшылаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдегі геосаяси жағдай мен пандемияның салдары Түркияның экономикалық ахуалына ауыр тиіп отыр. Бағының шарықтауы тұрғындарды тығырыққа тіреді. Естеріңізге салайық, маусым айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция 78 процентті құрады. Бұған қарамастан Орталық банк ұлттық валюта лираға қатысты жаңа экономикалық саясатын жалғастырып жатыр. Ал, пайыздық мөлшерлемені көтеруге асық емес.

Лираның құнсыздануы үлкен шығынға әкелді. Соңғы кездері жалақымыз мардымсыз болып қалды. Егер бұрын қолдағы ақша айына 500 ақш долларды құраса, бүгінде бұл сома 200 долларға дейін жетеді.

ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫ РЕЦЕССИЯ АЛДЫНДА ТҰР

Ал, Германияның федералды статистикалық басқармасы шілдедегі инфляция 7 процентті құрайды деп пайымдап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда елдегі энергия тасымалдау құны 35 процентке өскен. Дағдарыс өнеркәсіп, қызмет көрсету, сауда мен құрылыс саласында айтарлықтай сезіліп тұр. Сарапшылар Германияның рецессия алдында тұрғанын алға тартады.